426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швеция халқы пандемия кезінде өз жерінде демалды

  • 157
  • UPD: 15:15, 20.08.2020
Швеция халқы пандемия кезінде өз жерінде демалды

Швеция билігі ішкі туризмді дамыту ісіне айрықша көңіл бөле бастады. Жергілікті халық та пандемия кезінде шетелде саяхаттаудың орнына өз елінің курортты жерінде демалуды жөн көруде.

Бұл өз кезегінде отандық туризм саласын дамытып, ел экономикасын дамытуға  оң ықпалын тигізе бастады. 

Сарапшылардың пікірінше, бөлшек сауда саласындағы кәсіпорындардың табысы да жақсы. Мәселен, карантин кезінде халық үйінде жөндеу жұмыстарын жасап, құрылысқа арналған тауарлар мен тұрмыстық техниканы көптеп сатып ала бастаған. Ал сәнді әшекей бұйымдары мен киім-кешек сататын сауда орындарының жағдай керісінше қиындай түсті.

Антон Линделл, қайықтарды жалға беруші компанияның басшысы: 

- Жаз аяқталмай жатып қайықтарды жалға беруші компанияның табысы жақсы деп айта аламын. Биылғы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 40-50 процентке артық. Бұл біз үшін күтпеген жағдай болды.

Хабар 24 телеарнасы