424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада коронавирус өршіп тұр

  • 165
  • UPD: 15:38, 20.08.2020
Украинада коронавирус өршіп тұр

Украинада коронавирус індеті дендеп барады. Соңғы тәулікте 2 мыңнан астам адам індетке шалдығып, 40 тұрғын аурудан көз жұмды. 

Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрі Максим Степанов хабарлады.

Айтуынша, соңғы тәулікте тіркелген науқастардың арасында 100 бала, 160 медицина қызметкері бар. Ауыр халдегі 407 адам ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік, Укринадағы вирус жұқтырғандар қатары 98 мыңнан асты. 2 мың 184 адам ауру құрбаны болды. Мамандар жергілікті тұрғындарды барлық санитарлық талаптарды орындауға шақырып отыр.

Хабар 24 телеарнасы