426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда нөсер жауын 17 адамның өмірін қиды

  • 193
  • UPD: 15:37, 20.08.2020
Пәкістанда нөсер жауын 17 адамның өмірін қиды

Пәкістанның Пенджаб провинциясында қатты нөсерден 17 адам қаза тапты, деп хабарлады Geo.tv.

Ақпарат көзінің мәліметінше, үш үйдің шатыры құлап 14 адам қаза болды, тағы 17 адам жарақат алды. Сонымен қатар Касба-Бхал көмір шахтасындағы көшкін салдарынан кемінде үш адам көз жұмып, бес адам зардап шеккен.

Синоптиктердің болжамынша, өңірде алдағы аптада да жаңбыр жауады.

Хабар 24 телеарнасы