429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропада коронавирустың таралуы қайта күшеюі мүмкін

  • 183
  • UPD: 10:20, 21.08.2020
Еуропада коронавирустың таралуы қайта күшеюі мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Кәрі құрлықта дертті жұқтырғандар санының өсуіне байланысты осылай деп мәлімдеді.

Бұған жазғы демалыс маусымының аяқталып, демалушылардың үйлеріне қайта бастауы себеп болғандай. Еуропада дертті жұқтырғандар саны күн сайын 26 мыңға артқан. Мысалы, Германияда соңғы бір тәулікте вирус 1700-ден астам адамнан анықталған. Бұл сәуір айынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Испания мен Италияда да осындай жағдай. Балқан елдерінде де індеттің таралуы күшейген. Осыған байланысты халықаралық құрылым қосымша шаралар қабылдау керектігін айтады.

Ханс Клюге, ДДСҰ-ның Еуропадағы аймақтық бюросының директоры:

- Бізді, әсіресе, жастар арасында коронавирусты жұқтырғандардың көбеюі алаңдатып отыр. Қауіптің төменділігі оның жоқтығын білдірмейді. Дерт дарымайды дейтіндер жоқ. Сондықтан жұқпалы кеселден барынша сақтану қажет.

Ал, әлемде вирусты жұқтырғандар саны 22 миллион 500 мыңға жеткен. Дерттен көз жұмғандардың саны 790 мыңға жуықтаған. Індеттің ең көп таралуы АҚШ, Бразилия, Үндістан мен Ресейде жалғасуда. Мысалы, Бразилияда соңғы бір тәулікте тағы 45 мыңнан астам адамнан вирус анықталып, науқастардың жалпы саны 3,5 миллионнан асты. Бірақ елде дерттен қайтыс болғандардың қарасы азайған.

Хабар 24 телеарнасы