420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Корея басшысы өз өкілетінің бір бөлігін туған қарындасына бөліп берді

  • 190
  • UPD: 10:27, 21.08.2020
Солтүстік Корея басшысы өз өкілетінің бір бөлігін туған қарындасына бөліп берді

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын өз өкілетінің бір бөлігін туған қарындасы Ким Ё Чжон мен тағы бірнеше лауазымды тұлғаға бөліп берді.

Бұл туралы Оңтүстік Корея барлау қызметіне сілтеме жасап «Рёнхап» ақпарат агенттігі хабарлады. Мәліметке қарағанда, Ким Ё Чжон бұдан былай елдің АҚШ және Оңтүстік Кореямен қарым-қатынасына жауап береді. Осылайша, ол мемлекетте екінші тұлғаға айналған. Ал, Министрлер кабинетінің төрағасы Ким Док Хун мен Мемлекеттік кеңес төрағасының орынбасары Пак Бон Дюге ел экономикасына қатысты міндеттер жүктелген. Сарапшылар «Ким Чен Ын мұндай қадамға өзіне түскен салмақты жеңілдетіп, елдегі жағдай өзгере қалса, жауапкершілікті азайту үшін барып отыр», дейді.

Хабар 24 телеарнасы