426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорнияда орман өртінен бес адам қаза тапты

  • 124
  • UPD: 12:53, 21.08.2020
Калифорнияда орман өртінен бес адам қаза тапты

АҚШ-тың Калифорния штатында табиғи өрттен бес адам қаза тапты, деп хабарлады Associated Press.

Олардың арасында 19 тамызда Сан-Хоакин алқабындағы өртті сөндіру кезінде құлаған тікұшақтың ұшқышы, сондай-ақ штаттың солтүстігінде үлкен өртті сөндіруге көмектескен Pacific Gas and Electric энергетикалық компаниясының қызметкері бар.

Тағы үш жергілікті тұрғын қаза тапқан.

Қазіргі уақытта апаттан 30-дан астам жергілікті тұрғын мен өрт сөндірушілер зардап шекті, екі адам хабар ошарсыз кеткен.

Еске салсақ, 13 тамызда Калифорнияда ауқымды өрт басталған болатын.

Хабар 24 телеарнасы