420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада фитнес-орталықтар КВИ-дің кесірінен тағам сатуға көшкен

  • 157
  • UPD: 13:53, 21.08.2020
Мексикада фитнес-орталықтар КВИ-дің кесірінен тағам сатуға көшкен

Мексикада коронавирус індетінен фитнес залдар да көп қиыншылыққа тап болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

5 айдан астам уақытқа созылған індеттен жаттығу орындары жұмыс істемей, көбі жабылған. Салдарынан кей фитнес-залдар тығырықтан шығу үшін тағам сатуға көшкен. Ал, билік жаттығу орындарының жұмыс істеуіне жақында ғана рұқсат етті. Бірақ адамдардың саны жаттығу орнының көлеміне қарай аз болуы тиіс. Ресми дерек бойынша COVID-19-дан Мексикада фитнес орталықтарының 30%-і жабылып қалған.

Хабар 24 телеарнасы