429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамптың бұрынғы көмекшісіне айып тағылды

  • 172
  • UPD: 14:13, 21.08.2020
Трамптың бұрынғы көмекшісіне айып тағылды фото: theins.ru

АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы көмекшісі Стив Бэннон бірнеше сағатқа қамауға алынып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған «АҚШ пен Мексика арасындағы қабырғаны тұрғызуға бөлінген қаржыны жымқырды» деген айып тағылып отыр. Бэннон мен оның үш әріптесі «Біз қабырға тұрғызып жатырмыз» атты шарамен жиналған 25 миллион доллардан ақша ұрлаған. 66 жастағы политехнолог 1 миллион долларды қолды еткен көрінеді. Алайда, Бэннон өзіне тағылған айыпты мойындаудан бас тартты. Сот Бэннонды 5 миллион доллар кепілдікпен бостандыққа жіберді. Ал, Дональд Трамп көмекшісінің ұсталғанына өкініш білдіргенмен, онымен біраз жылдан бері араласпағанын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы