Кипрдің Пафос курорттық қаласында түнде екі жарылыс болды.
Түнгі сағат 3:00-де 31 жастағы әйелдің көлік жарылған. Бірнеше минуттан кейін тағы бір жарылыс болып, 28 жастағы ер адамның үйінің ауласы бүлінген.
Тәртіп сақшыларының ақпараты бойынша, жарылыстардың салдарынан көлік пен үй қатты зақымдалған. Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге белгісіз.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тексеру жүргізілуде.