424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда вирус жұқтырғандар саны өсті

  • 162
  • UPD: 10:42, 22.08.2020
Испанияда вирус жұқтырғандар саны өсті

Испанияда коронавирус жұқтыру дерегі тағы да артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте қауіпті вирус 3 мыңнан астам адамнан анықталған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Осыған байланысты тұрғындар алаңдаушылық танытып отыр. Өйткені санаулы күннен кейін елде жаңа оқу жылы басталады. Бірақ билік «Ковид-19» дерегінің артуы білім беру мекемелерінің жұмысына еш әсер етпейді деп отыр. Айта кетейік, індет басталғалы бері Испанияда 371 мыңдай кісіден инфекция анықталды.

 

Хабар 24 телеарнасы