429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ: Пандемия ұзақтығы екі жылдан әрі аспайды

  • 239
  • UPD: 15:36, 22.08.2020

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус коронавирус пандемиясы екі жылдан да аз уақыт ішінде аяқталатынына сенім білдіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, 1918 жылы әлемді жайлаған испан тұмауы екі жылдан кейін саябырлай бастаған. Сонымен қатар індеттің таралуына вакцина ғана тосқауыл бола алады деп отыр.  Айта кетейік, таяуда Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы «Ковид-19-дың» мутацияға ұшырауын анықтайтын арнайы жұмыс тобын құрды. Ондағы ғалымдар өз жұмысын бастап кетті.

Мария Ван Керкхове, ДДСҰ сарапшысы:

– Инфекцияның жас ерекшелігіне байланысты таралуын анықтайтын зерттеулер жүргізілді. Мысалы, 5 пен 10 жасқа дейін және жеткіншектер мен орта жастағы  адамдар тексерілді. Бұл жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Нәтижесінде вирус адамдардың жас ерекшелігіне байланысты әр түрлі таралатын көрінеді.

 

Хабар 24 телеарнасы