426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Қара теңізде 320 миллиард текше метр газ қорын анықтады

  • 189
  • UPD: 13:36, 22.08.2020
Түркия Қара теңізде 320 миллиард текше метр газ қорын анықтады

Түркия қоры шамамен 320 млрд текше метр газ резервін тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоған хабарлады. Оның айтуынша, табиғи газды «Фатих» бұрғылау кемесі Қара теңізде анықтаған. Енді жоспар бойынша Түркия 2023 жылдан бастап бұл кен орыннан газ өндіретін болады. Ал әзірге арнайы құдықтар ашылып, шұғыл дайындық жұмыстары басталмақ. Ердоғанның айтуынша, табылған газ елдегі энергия тапшылығының мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік береді.  Әрі Түркия болашақта газ экспорттаушы елге де айналуы ықтимал.

 

Хабар 24 телеарнасы