424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда COVID-19 індетіне шалдыққандардың саны артты

  • 201
  • UPD: 15:42, 22.08.2020

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, соңғы тәулікте 332 адам індеттің ілмегіне іліккен. Олардың 127-сі Сеулде, 91 науқас Кёнгидо провинциясында тіркелді. Инфекция жұқтырған 17 адам сырттан келген. Бұл – наурыз айынан бері рекордтық көрсеткіш. Осылайша,  ел аумағы бойынша дертке шалдыққандардың қатары 17 мыңнан асты. Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау министрлігі  індеттің соңғы аптада өрши түскенін айтады. Мамандар ауру көбінесе сауда орындары мен шіркеулерде тез тарауда. Осыған орай жергілікті билік аймақта карантин талаптарын қайта қатаңдатпақ ниетте. Жексенбіден бастап  халыққа әлеуметтік арақашықтықты сақтау режимі міндеттелетін болады.  

 

Пак Нын Ху, Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау министрі:

– Елде эпидемиологиялық ахуал қайта ушықты. Тамыздың 15-інен бастап бір тәулікте тіркелген науқастардың саны күн сайын  артып барады. Жағдайды қазірден бастап қолға алуымыз керек.  Осыған орай жексенбіден бастап әлеуметтік арақашықтықты сақтау режимін қатаңдатамыз. Бұл ереже елдің барлық өңіріне қатысты болмақ.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы