429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


UzAuto Motors көлік бағаларын негізсіз шарықтатқан

  • 267
  • UPD: 20:34, 22.08.2020
UzAuto Motors көлік бағаларын негізсіз шарықтатқан

Өзбекстандағы автоөндіріс компаниясы көлік бағасын негізсіз көтерген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Темір тұлпарлар орта есеппен 10%-ке қымбат сатылған. Монополияға қарсы комитет енді тұтынушыларға әр көлік үшін 300 доллардан 2 мың долларға дейін қайтаруды міндеттеді. Алайда, кәсіпорын бұл шешіммен келіспейді. Сотқа жүгінбек. Осыған байланысты бір топ депутат автоөндіруші компанияда жемқорлық деректерінің бар-жоғын анықтау үшін Бас прокуратураға сауал жолдады. Бір айта кетерлігі, өзбекстандық бұл компания биыл өз өнімдерін Қостанай қаласында да шығара бастаған.

Дониёр Ганиев, Олий Мажлис заңнамалық палатасының депутаты:

- Сот тексеру кезінде анықталған дәлел мен дәйектерге ден қойып, әділ үкім шағырады деп үміттенеміз. Біз монополист компанияның негізсіз баға көтеруімен күресуге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы