426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гренландия мұздығы рекордты жылдамдықпен еріп жатыр

  • 333
  • UPD: 21:01, 22.08.2020
Гренландия мұздығы рекордты жылдамдықпен еріп жатыр

Әлемдегі ең үлкен мұз қабаттарының бірі – Гренландия мұздығы бұзыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, былтыр 532 млрд тонна мұз еріген. Ғалымдар мұндай өзгеріс соңғы 60 жылда алғаш рет байқалып отырғанын айтады. Болжам бойынша мұхиттың суы шамамен 1,5 миллиметрге дейін көтерілуі ықтимал. Салыстырмалы түрде айтсақ, бұл Ұлыбританияның аумағындай жерді биіктігі 2,5 метрге дейін су басады деген сөз. Мамандар енді әлдеқандай себеппен күн суытпаса, Гренландиядағы мұздың еруі тоқтамайтынын айтып отыр.

Хабар 24 телеарнасы