421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорния штатындағы тұтас қала өрттің ортасында қалды

  • 228
  • UPD: 22:31, 22.08.2020
Калифорния штатындағы тұтас қала өрттің ортасында қалды

Калифорнияда тұтас қала оттың ортасында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

500-ден астам үй жанып кеткен. «Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қызыл жалын қазір Санта-Круз қаласындағы Калифорния университетіне жақындап қалды. Апаттан 6 адам мерт болып, тағы 43 тұрғын түрлі жарақат алған. Өртті сөндіруге жақын маңдағы қалалардан арнайы техника мен мамандар тартылды. Бірақ аптап ыстық өз алдына, желдің екпінінен от одан сайын өршіп барады. Апаттан әсіресе, Калифорния штатының солтүстік бөлігі көп зардап шекті. Онда шамамен 175 мыңнан астам адам баспанасынан айырылған. Штат губернаторы Гэвин Ньюсом апатпен күресу үшін Канада мен Австрия билігінен, сонымен қатар АҚШ-тың тағы 10 штатынан көмек сұрап отыр.

Хабар 24 телеарнасы