Бір тәулікте 6 мыңға жуық адамнан дерт анықталды.
Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Бүгінде Мексика коронавирус құрбандарының саны бойынша әлемде үшінші орында тұр. Пандемия басталғалы мұнда шамамен 60 мыңға жуық адам індеттен көз жұмды. Сарапшылардың пікірінше, науқастардың саны ресми статистикадан әлдеқайда көп болуы мүмкін.