424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда қонақүйдегі өрттен адам қаза тапты

  • 118
  • UPD: 07:25, 23.08.2020
Испанияда қонақүйдегі өрттен адам қаза тапты AP

Испанияның Марбелья қаласындағы қонақүйден өрт шықты. Оқиғадан 1 адам мерт болып, тағы 9-ы түрлі жарақат алды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, марқұм сыртқа шыға алмай терезеден секірген. Өрт шыққан кезде ғимаратта 100-ге жуық адам болды. Құтқарушылар халықты дер кезінде сыртқа шығарып алған. Оқиға орнына жеткен мамандар тілсіз жауды бірнеше сағаттың ішінде ауыздықтады. Өрттің неден шыққаны белгісіз. Әзірге тергеу ісі жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы