420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда қар көшкінінде қалған альпинистер құтқарылды

  • 171
  • UPD: 08:48, 23.08.2020
Италияда қар көшкінінде қалған альпинистер құтқарылды

Италияда қар көшкінінен тауда қамалып қалған 20 альпинист құтқарылды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, олар Маттерхорн тауының шыңына шықпақ болған.

Табиғат апатына тап болған альпинистерді полиция мен құрқару қызметінің мамандары өлім аузынан аман алып қалды. Құтқару операциясына 2 тікұшақ тартылды.

Айта кетейік, Маттерхорн  тауы Альпі тауының ең танымал шыңдары болып табылады. Швейцария мен Италияның шекарасында Альпінің Пеннин алабында орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы