429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбияның қарттар үйінде сексеннен астам адамға вирус жұқты

  • 154
  • UPD: 15:10, 23.08.2020
Колумбияның қарттар үйінде сексеннен астам адамға вирус жұқты

Колумбияның қарттар үйінде коронавирус індеті дендеп барады. Қауіпті дертке 80-нен астам адам шалдыққан. Оның 74-і егде жастағылар мен 12-сі мекеменің қызметкерлері.

Жалпы қарттар үйінде 90-ға жуық қария тұрады. Елдің денсаулық сақтау министрлігі ең алғашқы науқас тамыздың 17-сі тіркелгенін хабарлайды. Қазір инфекция жұқтырғандардың барлығы ем-дом қабылдап жатыр. Дәрігерлер науқастардың басым бөлігінің жағдайы ауыр екенін айтады.

Естеріңізге салайық, жалпы ел аумағы бойынша коронавирус індетіне шалдыққандардың қатары 530 мыңнан асты. Шамамен 17 мың науқас осы аурудан көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы