426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ингушетияда атышулы террорлық ұйымның екі содыры оққа ұшты

  • 199
  • UPD: 14:49, 23.08.2020
Ингушетияда атышулы террорлық ұйымның екі содыры оққа ұшты

Ингушетияның Сунженский ауданы Троицкое ауылында контртеррорлық операцияны өткізу кезінде қаруланған заңсыз құрылымның екі содыры оққа ұшты, деп хабарлайды ТАСС.

Мәліметке сәйкес, контртеррорлық операция өткізу аумағында әскери қақтығыстың белсенді фазасы аяқталды.

Қақтығыс ауыл шетіне жақын жерде болған. Аумақ қоршауға алынды. Өлтірілген содырлар Ресей аумағында қызметіне тыйым салынған ДАИШ лаңкестік ұйымының жақтаушылары болған», - делінген ТАСС ақпаратында.

Еске сала кетсек, контртеррорлық операция режимі таңертең Ингушетиядағы Сунженский ауданы Троицкое елді мекенінде енгізілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы