426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда сел жүріп, төрт адам қаза тапты

  • 226
  • UPD: 17:19, 23.08.2020
Түркияда сел жүріп, төрт адам қаза тапты

Тағы 11 тұрғын іздестірілуде.

Түркияның солтүстігінде табиғат апатынан 4 адам көз жұмды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі хабарлады. Құтқарушылар 133 адамға дер кезінде көмек беріп үлгерген. Қазір 11 адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Селдің жүруіне тоқтаусыз жауған жаңбыр себеп болғанға ұқсайды. Салдарынан 118 елді мекенмен байланыс үзілген.

Түпнұсқа: life.ru

Хабар 24 телеарнасы