420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда автобус жардан құлап 17 адам мерт болды

  • 98
  • UPD: 07:46, 24.08.2020
Грузияда автобус жардан құлап 17 адам мерт болды

Грузияның Мцхета-Мтианети облысындағы Шатили ауылында болған жол-көлік оқиғасынан кем дегенде 12 адам қаза тапты.

Шағын автобус Душети муниципалитетіндегі Шатили тас жолының учаскелерінің бірінде 80 метрлік жартастан құлады.

Грузия Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккен үш адамның жағдайы ауыр. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің жеке тұлғалары анықталуда

Оқиға орнында полиция, құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеуде. Іздеу-құтқару жұмыстары қиын жер бедері мен метеорологиялық жағдайларға қарамастан, үзіліссіз жүргізілуде.

Қазіргі уақытты полиция оқиғаға байланысты тергеуді бастады.

Хабар 24 телеарнасы