428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 3 миллионннан асты

  • 147
  • UPD: 10:07, 24.08.2020
Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 3 миллионннан асты

Үндістанда коронавирус індеті дес бермей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бір тәулікте вирус жұқтырғандардың саны 70 мыңнан асқан. Осылайша, ел аумағы бойынша тіркелген науқастардың қатары 3 миллионнан асты. Пандемия басталғалы бұл кеселден 56 мыңнан астам адам өмірімен қоштасқан. Инфекциядан ең көп зардап шеккен Махараштра, Тамилнад пен Андхра-Прадеш штаттары болды. Қазір елдің бірнеше штатында қатаң шектеу шаралары енгізілді. Мысалы Харьяна штатында кеңселер мен сауда орындарда жұмыс істеуге тыйым салынды. Аймақта тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана ашық. Ал, Пенджаб  штатында кешкі сағат 19:00-ден таңғы 05:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Демалыс күндері жергілікті тұрғындарға себепсіз үйден шығуға болмайды.

Хабар 24 телеарнасы