426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияның Гиресун провинциясындағы су тасқыны тұрғындарды әбігерге салды

  • 149
  • UPD: 10:13, 24.08.2020
Түркияның Гиресун провинциясындағы су тасқыны тұрғындарды әбігерге салды фото: youtube.com

Түркияның Гиресун провинциясындағы су тасқыны жергілікті халықты әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, табиғат апатынан 4 адам мерт болды. Тағы 11 тұрғын із-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Табиғат апатынан аймақтағы баспаналар мен өзге де ғимараттардың бірінші қабаты жарамсыз күйге айналды. Көше жолдарын да су мен лай көшкіні басқан. Мамандар өңірде тамыз айында жауған жауынның мөлшері нормадан 1,5 есеге дейін асқанын айтады. Ел президенті Режеп Тайып Ердоған болса, апаттың зардабын жою үшін барлық мемлекеттік ресурстарды қолдануға бұйрық берді.

Хабар 24 телеарнасы