429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БАҚ: Бангладеште жауын-шашыннан елдің үштен бір бөлігі су астында қалды

  • 189
  • UPD: 10:19, 24.08.2020
БАҚ: Бангладеште жауын-шашыннан елдің үштен бір бөлігі су астында қалды

Бангладеште табиғат апаты жергілікті тұрғындарды әбден әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздері муссонды жауын-шашынның салдыранан елдің үштен бір бөлігі су астында қалғанын хабарлайды. Нәтижесінде миллиондаған тұрғын баспанасынан айырылды. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Айтуынша, жақын арада жауынның басылар түрі жоқ. Жергілікті ақпарат құралдары апаттан 161 адам мерт болғанын хабарлайды. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен халық елді жайлаған коронавирус індетімен де арпалысуда. Қазір Бангладеште індеттің ілмегіне іліккендердің қатары 300 мыңға жуықтады. Аурудан айыға алмай жан тыпсырғандардың саны 3900-ден асты.

Хабар 24 телеарнасы