421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде түнгі клубта карантин тәртібін бұзған 13 адам мерт болды

  • 174
  • UPD: 10:57, 24.08.2020
Перуде түнгі клубта карантин тәртібін бұзған 13 адам мерт болды

Перуде заңсыз ойын-сауық кеш ұйымдастырған мекемеде тәртіп сақшыларының тексерісі кезінде 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Лос Оливос ауданындағы «Томас Рестобар» деп аталатын мекемеде орын алды. Түнгі клубта шамамен 120 адам жиналған. Елде жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты халық көп жиналатын қоғамдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған еді. Полицияның рейді кезінде клубдағы адамдар жан-жаққа қаша бастағанда туындаған қыспақ салдарынан 13 адам тұншығып қалды. Тағы алты адам зардап шекті. Олардың арасында 3 тәртіп сақшысы бар. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 23 тұрғын қамауға алынды. Ал, кешті ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы