420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


BBC: Мектептер коронавирус ошағына айналып барады

  • 225
  • UPD: 11:26, 24.08.2020
BBC: Мектептер коронавирус ошағына айналып барады

Германия мектептерінде коронавирус жұқтыру деректері көбейген.

Бұл туралы BBC хабарлайды. Негізі елде білім беру мекемелерінің көбі 2 апта бұрын ашылып қойған. Сол уақыттан бері бір ғана Берлиннің өзінде 825 мектептің 41-інде вирус жұқтыру оқиғалары тіркелген. Салдарынан жүздеген оқушы мен мұғалім карантинге жіберілді. Олардың қатарында бастауыш сынып оқушылары да, жоғары сыныпта оқитын жеткіншектер де бар. Мектептердің ашылуына байланысты вирустың өршуі АҚШ пен Изральде де тіркеліп отыр.

Айта кеткен жөн, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жеткіншектердің коронавирусты ересектер секілді тарататынын растайтын дәйектер көп екенін жария етті. Осы ретте мамандар «жасы 12-ден асқан балалар үлкендер секілді маска тағып жүру керек», дейді.

 

Хабар 24 телеарнасы