426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


TikTok өкілдері Трамп әкімшілігін сотқа береді

  • 183
  • UPD: 11:49, 24.08.2020
TikTok өкілдері Трамп әкімшілігін сотқа береді

TikTok сервисінің өкілдері АҚШ президенті әкімшілігін сотқа береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Танымал бейнеплатформа иесі қытайлық компания өкілдері алдағы күндері тиісті арыз дайын болатынын жария етті. Олар соңғы жыл бойы АҚШ билігімен қарым-қатынас орнатуға тырысқандарын айтады. «Алайда, ресми Вашингтон мұның бәрін елемей, құқықтық тәртіпке сай әрекет етпеді», дейді.

Айта кеткен жөн, 6 тамызда Дональд Трамп TikTok қосымшасы мен WeChat әлеуметтік желісіне иелік ететін компаниялармен келісімшарт жасауға тыйым салатын жарлыққа қол қойды. Екі жоба да қытайлық корпорациялармен әзірленген. Ақ үй басшысының пікірінше, олар АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Өйткені «америкалықтардың жеке мәліметтері Қытай билілінің қолына түсуі мүмкін», дейді. Алайда, бірқатар америкалық компаниялар Трамптың жарлығына қатысты алаңдаулы. Олар «тиісті шешім қытайлық серіктестермен арадағы сауда қарым-қатынасына кері әсер етуі мүмкін» дейді.

Хабар 24 телеарнасы