420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузия Еуропа елдерінен баратын саяхатшыларға шекарасын ашты

  • 153
  • UPD: 15:03, 24.08.2020

Ашпасқа амал жоқ. Өйткені мұнда карантин кесірінен туризмнен түсетін табыстың 80%-інен қағылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, демалыс маусымы болса аяқталуы жақын. Осыған байланысты Грузия тарапы Еуропа елдерінен келетін қонақтарға есігін айқара ашты.

Франция, Германия, Латвия, Литва және Эстония. Грузия еліне қазір дәл осы елдің саяхатшылары емін-еркін кіре алады. Рұқсат етілген елдер тізімі бірте-бірте ұлғаятыны анық. Бірақ бұл саланың бойына қан жүгіртіп, қаржылық тығырықтан шығауы екіталай. Шілденің соңынан бері Грузияға небәрі 14 чартерлік рейс қатынаған. Ал, келген туристер саны – 1200.

Мариам Квривишвили, Ұлттық туризм әкімшілігінің басшысы:

- Көрсеткіш көңіл көншітпейді. Әсіресе, өткен жылдармен салыстырғанда саяхатшылар саны тым аз. Әрине, бұған карантиннің кәдімгідей әсері болды. Бірақ үмітті үзбейміз.

Өкініштісі сол, карантинге қатысты жағдай қайталануы мүмкін. Алдағы аптада немесе алдағы айда не боларын ешкім айта алмайды. Бұл саладан нәпақа тауып жүргендер үшін өте ауыр соғып отыр.

Салта Мұхтарова, туристік агенттіктің жетекшісі:

- Қазақстандық саяхатшылар күнделікті хабарласып, жағдайды сұрастырып жатыр. Өйткені Қазақстан тарапы әуе қатынасын 17 тамызда ашқаны анық. Енді Грузияның жауабын күтіп отыр. Бұл мәселе 1 шілдеден бастап реттелеуі керек еді. Тіпті көпшілігі билет сатып алып қойған. Бірақ шекараның ашылуы кейінге шегеріліп келді. Менің білуімше, Air Astana билет ақшасын қайтармайды. Тек алдағы уақытта қолдануға мүмкіндік береді. Осыған байланысты қазір барлығы екі ел арасында келссөздерді тағатсыздана күтіп отыр.

Жағдай кез келген уақытта өзгеруі мүмкін. Мәселен, бүгін Ыстамбұл, Киев және Минскіден арнайы рейстер ұйымдастырылатыны белгілі болды. Ал, басқа елдер үшін ресми мәлімет бойынша 1 қазанға дейін шекара жабық.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы