426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорния штатында орман өртінен 120 мың адам эвакуцияланды

  • 186
  • UPD: 12:08, 24.08.2020
Калифорния штатында орман өртінен 120 мың адам эвакуцияланды

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан 6 адам қаза тауып, 40 тұрғын жарақат алды. 700-ден астам үй өртеніп кетті. Тілсіз жаумен 14 мыңнан аса өрт сөндіруші күресіп жатыр. Алайда, 3 мың шаршы шақырым жерді күлге айналдырған қызыл жалын ырық берер емес. Желден өрт Сан-Франциско қаласына жақындаған. Жергілікті билік 120 мыңдай тұрғынды қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылданды. Аймақ басшысы губернатор Гейвин Ньюсом елдің өзге штаттарымен бірге Канада, Австралия елдерінен көмек сұрады. Өртті сөндіруге Ұлттық гвардия жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы