420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Былтыр мешіттерге шабуыл жасаған Австралия азаматына қатысты сот процесі басталды

  • 146
  • UPD: 12:47, 24.08.2020
Былтыр мешіттерге шабуыл жасаған Австралия азаматына қатысты сот процесі басталды

Жаңа Зеландияда былтыр мешіттерге шабуыл жасаған Австралия азаматына қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 4 күнге созылады. Коронавирусқа қатысты шектеулерге байланысты сот отырысы бірнеше мәрте кейінге шегеріліп келген.

Айта кеткен жөн, 2019 жылдың 15 наурызында Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы екі бірдей мешітте атыс болды. Салдарынан 51 адам көз жұмып, тағы 50-ге жуығы жарақат алған. Қос шабуыл да лаңкестік әрекет деп танылып, бұл іске қатысты Австралия азаматы айыпталып отыр. Ол атысты бейнежазбаға түсіріп, мұны әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде таратқан. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап отыр. Бір ай бұрын ол адвокат қызметінен бас тартты. Сөйтіп, сотта мүддесін жеке өзі қорғайды. Қазір Крайстчерч қаласындағы сот ғимаратына баратын жолдар жабылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Хабар 24 телеарнасы