423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рим маңындағы орман отқа оранды

  • 307
  • UPD: 12:53, 24.08.2020
Рим маңындағы орман отқа оранды

Италия астанасының маңында орман өртке оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

От Римның солтүстігіндегі шеткі аудандарына жақын жерден шыққан. Әзірге табиғат апатынан жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Лаулаған жалын мен түтіннен бірқатар тас жол жабылды. Тілсіз жаумен күреске ұшақтар қолданылып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Италияның орталық аудандарын да орман өртке оранып, мамандар қызыл жалынмен үш күн арпалысып әзер дегенде өшірген еді.

Хабар 24 телеарнасы