424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде қатарынан екі жарылыс болып, тоғыз адам қаза тапты

  • 180
  • UPD: 15:37, 24.08.2020
Филиппинде қатарынан екі жарылыс болып, тоғыз адам қаза тапты Рамблер

Филиппиннің оңтүстігіндегі Холо шаһарында екі жарылыстан кемінде тоғыз адам көз жұмып, тағы 17-сі жарақат алған.

Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, алдымен дүкеннің маңында тұрған әскери жүк көлігі жарылған. Салдарынан бес әскери қызметкер қаза тапқан. Олар коронавируспен күресіп жатқан жергілікті билікке көмектесу үшін келген екен.

Арада бір сағат өткенде шіркеу маңында, алғашқы оқиға болған жерден 70 метр қашықтықта екінші жарылыс болды.

Хабар 24 телеарнасы