424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеулде соңғы бір тәулікте 800 адам коронавирус жұқтырды

  • 167
  • UPD: 15:34, 24.08.2020
Сеулде соңғы бір тәулікте 800 адам коронавирус жұқтырды

Оңтүстік Кореяда коронавирустың таралуы күшейіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір тәулікте Сеулде 800 адам жұқтырған. Бұл наурыз айынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Вирусты жұқтырғандардың бәрі Сеулдегі бір шіркеудің мүшелері. Билік вирусты жаппай жұқтыру діни орындарға барушылардың шектеу шараларын орындамауынан деп отыр. Ал жергілікті тұрғындар мұндай әрекет елде коронавирустың екінші толқынын тудыра ма деп алаңдаулы.

Чон Ын Кён, Оңтүстік Корея аурулардың алдын алу және бақылау орталығының директоры:

- Коронавирусты жаппай жұқтыру шаһар өңірінде ғана емес, елдің өзге қалалары мен аймақтарында да тіркеліп отыр. Бұл өте алаңдатарлық жағдай. Дерттің таралуына тосқауыл қою үшін кездесулерден бас тарту қажет. Сондықтан бүгіннен бастап бүкіл елде әлеуметтік арақашықтық шарасының екінші деңгейі енгізіледі.

Хабар 24 телеарнасы