420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия электр қуатынсыз қалды

  • 147
  • UPD: 15:38, 24.08.2020
Сирия электр қуатынсыз қалды

Бүкіл Сирия электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған газ құбырындағы жарылыс себеп. Оқиға ел астанасы Дамаск іргесінде болған. Жарылыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Дегенмен, билік «бұл лаңкестердің шабуылы болуы мүмкін», дейді. Абырой болғанда, құрбандар мен жапа шеккендер жоқ. Соңғы мәлімет бойынша елдің түрлі аудандарында электр қуаты қайта беріле бастаған. Мамандар алдағы сағаттарда ол басқа өңірлерде де қалпына келтіріледі деп отыр. Негізі Сирияда 2013 жылы да осындай оқиға болған. Ол кезде көтерілісшілердің снаряды газ құбырына тиіп, елдің көп бөлігі жарықсыз қалған еді.

Хабар 24 телеарнасы