420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде жарылыстан көз жұмған адамдар саны 13-ке жетті

  • 124
  • UPD: 17:02, 24.08.2020
Филиппинде жарылыстан көз жұмған адамдар саны 13-ке жетті Экспресс К

Филиппиннің оңтүстігінде орналасқан Холо қаласында екі жарылыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті, зардап шеккендер саны – 76.

Бұл туралы Rappler басылымы хабарлайды.

Бұған дейін тоғыз адамның көз жұмғанын жазғанбыз.

Ал 13 адамның ішінде жетеуі әскери қызметкер, ал жарақаттанғандар арасында тоғыз полиция қызметкері, 19 әскери қызметкер және 48 жергілікті тұрғын бар.

Филиппинде қатарынан екі жарылыс болды: алдымен дүкеннің маңында тұрған әскери жүк көлігі жарылған. Арада бір сағат өткенде шіркеу маңында, алғашқы оқиға болған жерден 70 метр қашықтықта екінші жарылыс болды.

Хабар 24 телеарнасы