420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияның газ құбырындағы жарылыс террорлық акт деп танылды

  • 137
  • UPD: 18:46, 24.08.2020

Дамаск іргесінде болған газ құбыры жарылысы теракт деп танылды. Сирия билігі осылай деп мәлімдеді.

Айта кетейік, оқиға бүгін таңертең  Думейр мен Адра қалалары арасында болды. Соның салдарынан бірден үш станция істен шыққан. Сөйтіп, бүкіл ел электр қуатынсыз қалды.

Энергетика министрінің айтуынша, қазір аса маңызды нысандарға электр қуаты қайта беріле бастаған. Алдағы сағаттарда басқа өңірлерде де желілер қалпына келтіріледі деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы