420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамптың АҚШ президенттігіне кандидатурасы ресми түрде ұсынылды

  • 176
  • UPD: 23:23, 24.08.2020
Трамптың АҚШ президенттігіне кандидатурасы ресми түрде ұсынылды

АҚШ-тағы Республикалық партия Дональд Трампты АҚШ президентігінен үміткер ретінде ресми түрде ұсынды.

Партияның съезінде Трампқа 1276 дауыс берілді. Бұл Ақ үйдің қазіргі иесін сайлауда кандидат ретінде ұсынуға жеткілікті көрсеткіш.

Республикалық партияның съезі ресми арнадан YouTube-те тікелей эфирде көрсетілді.

Еске сала кетсек, АҚШ-тағы президент сайлауы 2020 жылғы 3 қарашада өтеді.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы