426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ: Коронавирусты емдеуде қан плазмасының тиімділігі дәлелденген жоқ

  • 155
  • UPD: 08:22, 25.08.2020
ДДСҰ: Коронавирусты емдеуде қан плазмасының тиімділігі дәлелденген жоқ Известия

Коронавируспен ауырып жатқан адамдарды жазылып шыққандардың қан плазмасымен емдеу – тәжірибелік әдіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі клиникалық сынақ тұрғысынан оның тиімділігі әлі дәлелденбеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай дейді. Бұл мәлімдемені ұйым мамандары АҚШ-тың жуырдағы шешіміне байланысты жасап отыр. Яғни Америка билігі күні кеше КВИ-ді қан плазмасымен емдеуге рұқсат берген еді. Өйткені сауығып шыққан азаматтардың ағзасы антиденелерге бай болады екен. Айта кеткен жөн, инфекциялық сырқатқа шалдыққандарды плазмамен емдеу тәжірибесі әлемде 19-ғасырдан бастап қолданылып келеді.

Сумья Сваминатан, ДДСҰ-ның бас ғылыми қызметкері:

– Коронавирустық инфекцияны плазмамен емдеуге қатысты клиникалық сынақ жұмыстары қазір бүкіл әлем бойынша жүріп жатыр. Бірақ бірнешеуі ғана оң нәтижеге қол жеткізгендерін хабарлады. Бұл осы әдістің толыққанды сәтті екенін көрсетпейді. Себебі әр адамның ағзасында антидене әр түрлі деңгейде қалыптасады.

Хабар 24 телеарнасы