424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда 25 тамыз аза тұту күні деп жарияланды

  • 132
  • UPD: 08:21, 25.08.2020
Грузияда 25 тамыз аза тұту күні деп жарияланды Minval.az

Жергілікті билік таулы аймақта болған жол-көлік оқиғасына байланысты осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске салсақ, өткен жексенбіде 20 турист мінген шағын автобус құзға құлап кеткен еді. Салдарынан 17 азамат көз жұмған болатын. Үш кісі жансақтау бөліміне түсті. Алдын ала ақпарат бойынша автобус техникалық ақау кесірінен жол жиегінде тұрған көлікке соқтысығып, аударылып түскен.

Иосиф Челидзе, Грузия ішкі істер министрінің орынбасары:

– Бірінші кезекте қайтыс болған азаматтардың жақындары мен отбасыларына көңіл айтқым келеді. 112-ге Шатили жолындағы көлік апаты жайлы хабар түскенде мамандар дереу оқиға орнына аттанды. Анықталғандай, автобус шамамен 80 метр биіктіктен құлаған. Мамандар ауыр жарақат алған үш адамды құтқарып, ауруханаға жеткізді. Өкінішке орай, 17 азамат қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы