428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанға ұшып келген азаматтардың оқшаулану мерзімі қысқаруы мүмкін

  • 410
Өзбекстанға ұшып келген азаматтардың оқшаулану мерзімі қысқаруы мүмкін EADaily

Өзбекстанға ұшып келген азаматтардың карантиндік орталықта оқшаулану мерзімі 7 күнге дейін қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы республикалық комиссия осындай шешім қабылдап отыр. Бүгінде өзбек елі халықаралық әуе байланысын «жасыл», «сары» һәм «қызыл» рейстер деп үшке бөлді. Шекара ашылса, алдымен Таиланд, Малайзия, Грузия, Венгрия, Латвия, Жапония, Оңтүстік Корея мен Қытайдан ұшып келетін ұшақтарды қабылдауға дайын. Бұл мемлекеттердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғандықтан, осы жақтан келетін азаматтар карантинге алынбайды. Ал Испаниядан басқа Еуроодақтың қалған мемлекеттерімен және Әзербайжанмен қалпына келетін әуе байланысы «сары» рейстер сапына жатқызылады. Сол себепті осы шет елдерден келген адамдар карантин орталығында екі апта өткізуі тиіс. Бірақ жолаушылар дәрігелердің қарауында жатуға келіссе, онда оқшаулану мерзімі 7 күннен аспайды. Алайда қазіргі уақытта Өзбекстан әлемнің бірде бір мемлекетімен әуе және теміржол қатынасын қайта қалпына келтірген жоқ. Дегенмен жақында жолаушылар тасымалдайтын пойыздар қозғалысын жандандыру үшін Ресей Федерациясына өтініш жібергені белгілі болды.

Хабар 24 телеарнасы