426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Неміс дәрігерлері Навальныйдың уланғанын мәлімдеді

  • 113
  • UPD: 09:29, 25.08.2020
Неміс дәрігерлері Навальныйдың уланғанын мәлімдеді

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный уланған секілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Берлиндегі «Шарите» ауруханасының дәрігерлері Навальныйды тексере келе осындай шешімге келді. Себебі оппозиционердің ағзасынан әскери у қатарына жататын уыт табылған. Бірақ оның нақты қандай у екені әлі анықталмаған. Дәрігерлер Навальный жансақтау бөлімінде жатқанымен, оның өміріне еш қауіп жоқ деп отыр.

Еске сала кетейік, тамыздың 20-сы күні Алексей Навальный Томскіден Мәскеуге ұшып бара жатқанда денсаулығы нашарлап, Омбыдағы ауруханаға жеткізілген. Оппозиционерді тексерген Ресейдегі екі зертхана да оның бойында удың жоқтығын растаған еді.

Хабар 24 телеарнасы