420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта түрмелер туристік орынға айналады

  • 147
  • UPD: 09:35, 25.08.2020
Таиландта түрмелер туристік орынға айналады

Таиландтың Түзету мекемелерінің министрлігі 72 түрмені туристік орындарға айналдыруды жоспарлап отыр, деп хабарлады Bangkok Post елдің әділет министрі Сомсак Тхепсутинге сілтеме жасап.

Ол жерлерде ас әзірлеу конкурстары өтеді, дүкендер ашылады, келушілер сотталғандар жасаған заттарды сатып ала алады.

Әділет министрінің айтуынша, аталған жоспар бес түрмеде жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ қазірдің өзінде ойын-сауықтың әр түрі сынақтап өткізілуде.

«Мысалы, «темір тордағы аспаздар». Мұндағы мақсат – түрлі саладағы кәсіпті насихаттау, сотталғандарды қалыпты өмірге оралуға дайындау және түзеу мекемелерінің имиджін өзгерту», - деді.

Жоба 2021 жылы аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы