429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Еуропа есін жиды ма?

  • 201
COVID-19: Еуропа есін жиды ма?

Еуропада коронавирусты жұқтыру деректері әлі де азаяр емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Францияның денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарға сенсек, карантин режимі алынып тасталғаннан кейін елде рекордтық өсім тіркелген. Санға салсақ, өткен тәулікте қауіпті вирус 4 мың 800 адамнан анықталған. Бұған қоса, елде ауыр халде жатқандар саны да артып жатқан көрінеді. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрі шұғыл шара қабылдау керегін айтты. Өйткені санаулы күннен кейін елде жаңа оқу жылы басталады. Италияда да коронавирус төңірегінде жағдай мәз емес. Елде 1 мың 200 адам науқас деп танылған. Бұл мамыр айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Мамандар мұны шетелге демалуға кеткен ел азаматтарының орала бастауымен байланыстырып отыр. Ал Испания тіпті вирус жұқтыру саны жағынан қарт құрлықта көш бастап тұр. Мұнда 8 мыңнан астам азаматтан коронавирустық инфекция табылды.

Хабар 24 телеарнасы