429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейрут портында химиялық заттар бар 80-ге жуық контейнер табылды

  • 181
  • UPD: 09:57, 25.08.2020
Бейрут портында химиялық заттар бар 80-ге жуық контейнер табылды

Ливан әскерилері жарылыс болған Бейрут портында аса қауіпті химиялық заттар бар 79 контейнер тапты.

Бұл туралы елдің Қарулы күштерінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Инженерлік күштердің арнайы тобы француз сарапшыларымен бірге 14-22 тамыз аралығында порт аумағын тексеру кезінде алдымен қауіпті химиялық заттар бар 25 контейнер, содан кейін тағы 54 контейнер тапты», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 4 тамызда Бейрут портында жарылыс болып, қаланың едәуір бөлігі қираған болатын.

Хабар 24 телеарнасы