420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус: Novavax вакцинасы сынақтың екінші кезеңіне көшті

  • 142
Коронавирус: Novavax вакцинасы сынақтың екінші кезеңіне көшті

Америкалық Novavax компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізудің екінші кезеңін бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға АҚШ пен Австралияда 1500 адам қатысады. Олардың жартысы – 60 пен 84 жас аралығындағы қарт адамдар. Тексерудің алғашқы қорытындысы биылғы жылдың төртінші тоқсанында белгілі болуы тиіс. Алғашқы тексеріс вакцинаның адам ағзасында коронавируспен күресетін денелерді қалыптастыратынын көрсеткен. Айта кетейік, Novavax – әлемде вакцинасын адамдарға клиникалық сынақтан өткізе бастаған 30 компанияның бірі. Өткен айда АҚШ билігі бірлестіктен қаңтар айында 100 доза екпе алу үшін 1,6 миллиард доллар бөлді. Ал Ұлыбритания Novavax-тан 60 миллион доза вакцина алуды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы