421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістандағы тұрғын үй апаты: үйінділер астында қалған ондаған адам әлі табылмады

  • 202
  • UPD: 10:17, 25.08.2020
Үндістандағы тұрғын үй апаты: үйінділер астында қалған ондаған адам әлі табылмады

Үндістанда тұрғын үй құлап, үйінділер астында 100-ге жуық адам қалып қойған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға Мумбаиға жақын орналасқан Махад қаласында болған. Опырылып құлаған 5 қабатты ғимаратта шамамен 50 отбасы тұрып жатыпты. Осы сағатқа дейін құтқарушылар қиранды астынан 28 адамды алып шыққан. Тағы 70-ке жуығын іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Бұл жұмыстарға қала тұрғындары да тартылған. Төтенше жағдайдың нақты себебі әзірге белгісіз. Алайда тұрғын үй жауын-шашын салдарынан опырылып құлауы мүмкін деген болжам айтылып жатыр. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, әдетте жаздың алғашқы айынан қыркүйекке дейін жалғасатын жаңбыр маусымы кезінде елде мұндай оқиғалар жиі тіркеледі.

Хабар 24 телеарнасы