420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Республикалықтар Трампты президенттікке үміткер етіп бекітті

  • 138
Республикалықтар Трампты президенттікке үміткер етіп бекітті

АҚШ-тың Республикалық партиясы Дональд Трампты алдағы президенттік сайлауға кандидат ретінде бірауыздан бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республикалықтар мұндай шешімді Солтүстік Каролина шатындағы Шарлотта қаласында өткен жалпыұлттық партия съезінде қабылдады. Жиында президент Трамптың кандидатурасын 2550 делегаттың бәрі қолдады. Съезге қатысқан Ақ үй басшысы партияның таңдауына байланысты ресми шешімін тамыздың 27-сі күні жариялайтынын жеткізді.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

– Қалайда жеңуіміз керек. Бұл еліміздің тарихындағы ең маңызды сайлау. Біздің мемлекет үлкен таңдау алдында тұр. Бұрыс шешім қабылдап, кері кету немесе дұрыс таңдау жасап даму жолын жалғастыру. Біз Қытайдан індет келгенше тап сол даму жолымен жүріп келдік. Экономикамыз қарыштап, ел тарихында жұмыспен қамту бойынша оң нәтижелерге қол жеткіздік.

Хабар 24 телеарнасы