Дүйсенбі күні Үндістанның Махараштра штатында бес қабатты тұрғын үй құлаған болатын.
NDTV телеарнасының хабарлауынша, үйінділер астынан 60 адам құтқарылған.
Кемінде бір адам көз жұмған. Үйінділер астында тағы 25 адам бар. Құтқару жұмыстарының жүріп жатқанына 12 сағаттан астам уақыт өтті.
Бой көтергеніне 10 жыл болған бесқабатты тұрғын үйде 45 пәтер болған. Ал оның құлауына толассыз жауған жауын себеп болуы мүмкін.